ШАХМАТ: Қазақстан кубогы үшін бәсеке Аралбай Махамбетовті еске алуға арналды

71

0

ШАХМАТ: Қазақстан кубогы үшін бәсеке Аралбай Махамбетовті еске алуға арналды24-30 маусым аралығында Қызылорда қаласында Аралбай Махамбетовті еске
алуға арналған шахматтан жасөспірімдер арасында ҚР Кубогының II кезеңі
аяқталды.

Биыл төртінші мәрте ұйымдастырылған ел кубогына Астана,
Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Павлодар, Қостанай,
Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және
Қызылорда облыстарынан 13 команда, 125 шахматшы қатысты.

Швейцар жүйесі бойынша әр ойыншыға екі сағат
уақыттан берілді. Сондай-ақ, 23 мамыр күні халықаралық гроссмейстерлер
Әнуар Исмағанбетов пен Павел Коцурдың қатысуымен шеберлік сыныбы
өткізілді.

7 күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша
командалық есепте Астана қаласының командасы бірінші орынды жеңіп алды.
Екінші орынды Қызылорда облысының командасы еншілесе, үшінші орын
Оңтүстік Қазақстан облысының командасына бұйырды.

10 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында астаналық
Елімжан Қали кубоктың жеңімпазы атанды. Алматылық Ксения Балабаева
2-орынды, қызылордалық Сұлтан Аманжол 3-орынды еншіледі.

14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазыбек
Үмбетов 1-орын, Айбек Катенов (екеуі де Астана қаласынан), 2-орын,
Темірлан Бектұров (Павлодар обл.) 3-орынды жеңіп алды.

Ал 8 жасқа дейінгі ұлдар арасында жамбылдық Тоғызбай Әлім мен қыздар арасында астаналық Дана Тілеубаева жеңімпаз атанды.

12 жасқа дейінгі ұлдар арасында сынға түскен
қостанайлық Альрами Алдабергенов пен қыздар арасында қызылордалық
Назерке Нұрғали жеңіс тұғырына көтерілді.

Жарыста «Ең жас қатысушы» номинациясымен
қызылордалық Хантәңірі Жаппар мен оңтүстікқазақстандық Гаухар Жеңісбек,
«Үздік партия» жамбылдық Айшагүл Шора мен қарағандылық Дильназ Сағынтай,
«Жеңіске деген жігері үшін» қызылордалық Еділ Сұлтан марапатталды.

Сондай-ақ, жарыс демеушілерінің бірі Бисенбай
Тәженов қызылордалық шахматшылар, оқушылар арасында Әлем, Азия
чемпионы, ФИДЕ шебері Әсел Серікбайға, Әлем чемпионатының қола
жүлдегері, оқушылар арасында Азия чемпионы Назерке Нұрғалиға, Әлем
чемпионатының қола жүлдегері Самал Әбдуәлиге арнайы сыйлығын табыстады.

1-5 орынды еншілеген спортшылар мен номинация иегерлеріне медаль, диплом, кубок және бағалы сыйлықтар берілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз