Шахматшылар Аралбай Махамбетовті еске алады

44

0

Шахматшылар Аралбай Махамбетовті еске алады18-24 мамыр аралығында Қызылорда қаласында А.Махамбетовты еске алуға
арналған шахматтан жасөспірімдер арасында ҚР Кубогының I кезеңі
басталады, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі.

Биыл 5-ші мәрте ұйымдастырылатын
жарысқа Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл,
Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік
Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстарынан 100-ден аса шахматшы
қатысады.

Ел кубогында 10 және 14 жасқа дейінгі жасөспірім
ұлдар мен қыздар шеберлік байқасады. Жарыс швейцар жүйесі бойынша 9
турда өтеді. Әр ойыншыға 2 сағаттан беріледі.

Сондай-ақ, 22 мамыр сағ. 17.00-де халықаралық
гроссмейстерлер, Қазақстанда бірінші рейтинг бойынша Ринат Жұмабаев және
Әнуар Ісмағаметовтың қатысуымен шеберлік сабағы өтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз