
Атап айтсақ, шахматтың рапид, классика және блиц түрлерінен сынға түскен Әсел Серікбай жоғары нәтиже көрсетіп, 3 дүркін Азия чемпионы атанды. 16 жасқа дейін өнер көрсеткен Әсел рапид бойынша 7 ойыннан 6 ұпай, классикада 9 ойыннан 8 ұпай, блицте 9 ойыннан 7 ұпай жинап, абсолютті Азия чемпионы атанды. Мұндай жетістікке Сыр елінің спорт тарихында жерлесіміз бірінші рет қол жеткізіп отыр.
14 жасқа дейін бақ сынаған Назерке Нұрғали классика бойынша 9 ойыннан 6,5 ұпай жинап, Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді.
Мейіржан Бармағанбетов рапид бойынша төртінші орынды еншілеп, шеберлігін шыңдады.
Енді Ә.Серікбай мен Н.Нұрғали 20 сәуір – 1 мамыр аралығында Румынияда шахматтан оқушылар арасында өтетін Әлем чемпионатына қатысады. Жерлестерімізге сәттілік!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!