
Биыл 6-шы мәрте ұйымдастырылған жарысқа Астана, Алматы қалалары мен он екі облыстан 300-ге жуық шахматшы қатысуда.
Ел кубогына 10 және 14 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар швейцар жүйесі бойынша 9 турда бақтарын сынауда.
Сонымен қатар, ересектер арасында «Қызылорда Опен» рейтінгілік турнир де қатар өтуде.
Жарыс 26 мамырға дейін жалғасады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жарыстың бас төрешісі: Ержан Шакенов (Астана қ.).
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!