Шахматтан Әлем чемпионы

79

0

Шахматтан Әлем чемпионы
Шахматтан Әлем чемпионы Яссыда (Румыния) оқушылар арасында шахматтан өткен Әлем чемпионатында жерлестеріміз табысты өнер көрсетті.
15 жасқа дейін қыздар арасында өнер көрсеткен Әсел Серікбай Әлем чемпионы атанып, еліміздің абыройын асқақтатты. Ол швейцар жүйесі бойынша классикадан 9 турдан 8,5 ұпай жинады. 
Сондай-ақ, 13 жасқа дейін қыздар арасында сынға түскен Назерке Нұрғали 9 турдан 7,5 ұпай жинап, Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. 
Айта кетейік, дүбірлі додаға елімізден 33 спортшы қатысып, оның ішінде тек қызылордалық қос шахматшы ғана  жүлделі орындарды иеленді. 
Жалпы Әлем чемпионатына 45 мемлекеттен 670 спортшы шеберлік байқасты. 
Қос спортшымыз енді қыркүйек, қазақ айларында Уругвай және Италияда өтетін Әлем чемпионаттарына дайындалады. Жерлестерімізге сәттілік!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз