
Дегенмен, әлі де қордаланған мәселелер бар. Оның ішінде шалғайда орналасқан елді мекендердегі балалардың тасымалын қамтамассыз ету мәселесі өз кезегін күтіп келген еді. «Осы мақсатта аудандық бюджеттен 18 млн теңге қаржы бөлініп, 7 шалғайда орналасқан мектепке жаңа, жол таңдамайтын УАЗ шағын автокөлігінің кілті табысталды» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.