Шалқияның жұмысы қайта жанданбақшы

46

0

Шалқияның жұмысы қайта жанданбақшыҮстіміздегі жылдың 9 мамыры күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен «Самұрық-Қазына»  Ұлттық әл-ауқат қоры төрағасы Өмірзақ Шөкеев бастаған топ Жаңақорған ауданы аумағында орын тепкен Шалқия кенішінде болды. 
Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұнда «Оутотек» компаниясының кен-байыту  фабрикасы жобасымен танысты. Жобаны жан-жақты таныстырған «Тау-кен-Самұрық» өкілі құрылыс нысанының алғышарттары жайлы баяндады. Өз кезегінде Өмірзақ Шөкеев оған қанша адамды жұмыспен қамтылады деген сауал қойды. Бұл сауалға компания өкілі  500 жұмысшы жұмысқа тарту жоспарланып отырғанын жеткізіп, жалақы мөлшері 800 доллар көлемінде болатынын мәлім етті. Ал мамандар мәселесінде Шиелідегі индустриалды және Жаңақорғандағы аграрлы-техникалық колледжінің базасынан кадрлар дайындауды алға тартты. Өз кезегінде  аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев бұл жөнінде жуырда ғана мәскеулік оқу ордасымен екі жақты келісім-шарт негізінде 102 талапкерді оқуға дайындалып жатқандығын тілге тиек етті. Сонымен қатар Шалқия мен кеніш арасындағы 20 шақырым жолды жөндеу мәселесі көтерілді. Айта кету керек, кен орнын қайта жандандыру жұмыстары алда жалғасатын болады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз