«Шаршара» шұжық цехынде есек еті қолданылған

75

0

Өзбекстанның бас прокуратурасы Ташкенттегі «Шаршара» шұжық цехына 70 келі есек еті әкелінгенін ресми нақтылады. Ақпаратқа сәйкес, цех қызметкерлері есек етін өзге еттермен араластырған.
Есек етін Хорезм облысынан Gold Premium Product компаниясы жеткізген.
Ташкент тұрғыны Ш.Ш. Раджабовтың арызынан кейін, арнайы тексерілу жұмыстары басталған. Шағым беруші цех есек етін бір келісі үшін 13 мың сумға (1,5 доллар) сатып алып отырғанын айтады.
Тексеру кезінде цехтан 275 келі ет тәркіленген. Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз