Шаруа қожалығы 30 адамды жұмыспен қамтиды

47

0

Шаруа қожалығы 30 адамды жұмыспен қамтидыШиелі. Аудандағы «Сейітжанов» шаруа қожалығының иесі Әбдімәлік Сейтжанов қазірде 110 бас ірі қара, 70 бас жылқы, 300 бас қой-ешкі өсіріп, көбейтуде. Одан өзге, жыл сайын 150-200 гектар жерге күріш, 50 гектар жерге мақсары, 50 гектар жерге бидай егеді. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, алынған өнім шаруашылықтағы май сығатын және күріш ақтау цехтарымен бірден өңделуде. Негізінен отбасы мүшелерінен құралған шаруашылық жаз айларында 30-дан астам адамды маусымдық жұмыспен қамтиды. «Жақында ғана шаруашылық пайдасынан түскен 25 млн. теңгеге елімізде шығарылған «Есіл» комбайынын алып, облыста бірінші болып пайдаланудамыз. Оған дәлел, бұл комбайынның ерекшелігімен сонау Қазалы, Жалағаш аудандарынан азаматтар келіп танысуда» деді шаруашылық иесі. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Ақтоған ауылындағы «Сейтжанов» шаруақожалығының жұмысымен танысты. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз