Шағын ауылдың жолы жөнделді

34

0

Шағын ауылдың жолы жөнделді Шиелі. Ауыл тұрғындарының
ұйымдасуымен Шиелі ауданы, Алмалы ауылдық округіне қарасты Лесхоз елді
мекенінің жолы жөнделді.
 

 «Ауыл әкімі
Өмірхан Әбдікәрімовтың бастамасымен ауыл тұрғындарынан және демеушілерден 200
мың теңге қаражат жиналып елді мекенге баратын 6 шақырым жолдың жүруге мүмкін болмай қалған 1,5 шақырымына 77
көлік құм төгіліп, тегістелді» дейді аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы
Кенжехан Есенбаев.

«Бұған дейін ауыл жолымен орталыққа шығу мүмкін болмайтын. Қысқа ғана жолда белортадан батпақ кешіп
өтетінбіз. Ал, енді жолымыз тегістеліп,жақсы болып қалды» – деді ауыл
ақсақалы Хамит Есенов. 16 үй түтінін түтетіп отырған шағын ғана елді мекендегі
96 тұрғынының өтініші де осы болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз