ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС САЛАСЫ БОЛАШАҚТЫҢ КӘСІБІ

57

0

 Соңғы кезде шағын және орта бизнес субъектілерінде қамтылғандардың үлесі 22-ден 26 пайызға артты. Жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігінің арқасында тек соңғы жылда 6,4 пайызға өсті. Болашақта басты мақсат – орта-кіші бизнестің үлесін 45-50 пайызға жеткізу. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Астанадағы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өтіп жатқан брифингте мәлімдеді.
«Осыған орай, біз жыл басында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша өзіміздің бірыңғай «Жол картамызды» қабылдадық. Онда Үкімет пен облыс әкімдігінің қолданыстағы бағдарламалары шеңберінде аталған саланы қолдаудың мүмкін болатын барлық бағыттарын өзара байланыстырдық. Оны жүзеге асыру үшін барлық көздерден 29 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсауды жоспарлап отырмыз», – деді облыс әкімі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз