\»Шегіртке қаптайды\» деп қауіптенуге негіз жоқ

43

0

"Шегіртке қаптайды" деп қауіптенуге негіз жоқӨңірді шегіртке қаптайды деп күдіктенуге негіз жоқ. Себебі, аймақта қанатты зиянкестерге қарсы күрес қарқынды жүргізілуде. Жалпы биыл облыс көлемінде 153 325 гектар жер өңделетін болады. 
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыс бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Еркебұлан Бекжанов пен республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы облыстық филиалының директоры Абай Айтбаев мәлімдеді. 
Үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандарында және Қызылорда қаласында 27 мамырда басталды. 
Осы уақытқа дейін италиялық прус шегірткесіне қарсы Арал ауданында 16350 гектар, Қазалыда 2300 гектар жер өңдеуден өтті. 
Азиялық шегірткеге қарсы улау жұмыстары Жалағашта 100 гектар, Шиеліде 380 гектар, Жаңақорғанда 1100 гектар, Қызылорда қаласында 1000 гектар аумаққа жүргізілді. 
Сондай-ақ, саяқ шегірткеге қарсы Жаңақорған ауданының 3096, Шиелінің 500, Арал ауданының 275 және Қызылорда қаласының 1000 гектар жері уланды. 
Аудандық және қалалық аумақтық инспекциялар химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін 4 аса жеңіл ұшақ, 8 арнайы және 11 бүріккіш жер агрегатымен қамтылған. 
Мамандардың айтуынша, қазір аймақтағы ахуал тұрақты. Шегірткені улау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Химиялық өңдеу тәулігіне екі мезгіл, таңертеңгі 5 пен 10 аралығында және кешкі сегізден кейін жасалады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз