Шекарадан заңсыз өтіп, қайыршылық жасаған

68

0

Шекарадан заңсыз өтіп, қайыршылық жасағанҚұқық бұзушы Өзбекстан Республикасының
азаматшасы Н.Н. 06.08.2015 жылы Қазақстан Республикасына жеке шаруасымен
келіп, ішкі істер органдарына 06.10.2015 жылға дейін уақытша тіркеуге
тұрып, Қызылорда қаласы, Жібек Жолы көшесінің бойында, қайыршылық
жасаумен айналысып жүрген жерінен ұсталған. Бұл жөнінде Қызылорда
қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.
Іс-құжаттарына тіркелген 02.06.2014 жылы ӨР СІМ-мен Н.Н. атына берілген
АА №5607609 сериялы паспортына сәйкес Н.Н. Өзбекстан Республикасының
азаматшасы.
Құқық бұзушы Н.Н. әрекеті өз кінәсін мойындауымен қатар, полиция
қызметкерлерінің мәлімдемесімен, әкімшілік ұстау және 04.09.2015 жылғы
әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен, куәлардың айғақтарымен
және басқа да іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденіп бекітіледі.
Құқық бұзушы Н.Н. әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігімен дұрыс
дәрежеленген, себебі ол шетелдік адам бола тұра, ҚР-на аумағында
қоғамдық орында қайыршылықпен айналысқан.
Құқық бұзушы Н.Н. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 449-бабының
3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 тәулік әкімшілік қамаққа алуға, қаулы
заңды күшіне енген соң 3 тәулік мерзім ішінде Қазақстан Республикасының
шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығаруға қаулы етілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз