Шекарашыларға құрмет көрсетілді

33

0

Шекарашыларға құрмет көрсетілдіАудан әкімі Бахыт Жаханов
Өзбекстан мемлекетімен шекаралас  жатқан
Жанқожа батыр-бабамыздың бейітіне арнайы барып, тағзым етті. Баба рухына құран
бағышталып, құрбан шалынды. Бұдан соң аудан басшысы Қазақстан
Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрылғанына 22 жыл
және Қызылқұм беткейіндегі №2019 «Қызылқұм» заставасының құрылғанына  15 жыл толуына орай шекарашыларды арнай
мерекесімен құттықтады.
Бахыт Жаханов еліміздің тыныштығын қас қақпай күзетіп, еліміздің
бірлігін, сыртқы жаудан қорғаудағы еңбектері үшін шекарашыларға алғысын білдірді. 
«Қызылқұм» заставасының
қатардағы жауынгері Жанарбек Бауыржанов, Бауыржан Ыдырысов және келісім-шарт
қызметкері Азамат Елікбаев аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен
қатар шекарашыларға қажетті бағалы сыйлықтар табысталып, естелік суретке түсті.
 Одан әрі шекара заставасының
жұмысымен, тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
 
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз