Үшемдерге автокөлік сыйға берілді

46

0

Үшемдерге автокөлік сыйға берілдіКеше, 25 маусымда Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев дүниеге үшем әкелген Ербол Үмбетаев пен Әйгерім Әмзееваны қабылдады.
Бұл отбасының осыған дейін үш балалары бар. Отағасы Ербол Үмбетаев «Аралгаз» ЖШС-де жұмыс жасайды. Ал Әйгерім инфарматика пәнінің мұғалімі. Олар үшемдерінің есімін Ернұр, Арнұр, Ақнұр қойған. Аймақ басшысы Үмбетовтер әулетін қуаныштарымен құттықтап, «Лада Грант» автокөліктің кілтін сыйға тартты. Айта кетейік, жыл басынан бері Қызылордада дүниеге келген бұл үшінші үшем.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз