Шемішке шағып айыппұл төледі

72

0

Шемішке шағып айыппұл төледіШиелі ауданының тұрғыны шемішке шағып айыппұл төледі. Соңғы жылдарда елімізде қабылданған заңдылықтар негізінде қоғамдық орындарды ластауға болмайды.
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімшілік құқық бұзушы Шиелі кентінің орталық сапаржайында шемішке шаққан. Оның қалдықтарын белгіленбеген жерге тастап, қоғамдық орынды ластаған. Осының салдарынан ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 330-бабының 1-бөлігінде көзделген ұсақ бұзақылық жасаған.
Ол сотта өз кінәсін толық мойындады. Әкімшілік құқық бұзушы соттың қаулысымен кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 5556 (бес мың бес жүз елу алты) теңге айыппұл салынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз