Шетел архивтерінен алған тәжірибелерімен бөлісті

151

0

2017 жылғы 29 мамыр күні Қызылорда облысына Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Борис Жапаров жұмыс сапарымен келді.
Күн тәртібіне сәйкес Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Қызылорда облысында «Электронды архив» ісінің дамуы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, аталмыш іс-шараға облыстың архив мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері және архив бағдарламашылары қатысты.
Шара барысында Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е.Абдрахманов облыстағы архив саласында оның ішінде «Электронды архив» саласында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып өтті.  
Мұнан соң сөз алған  Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Борис Әликенұлы Жапаров архив саласындағы «Электронды архив» жұмысының мәселесін, сонымен қоса жаппай саланың  жұмысын электронды түрге өтуіне ұсынысын білдіріп, шетел архивтерінен алған тәжірибелерімен бөлісті. Шара барысында жиын қатысушылары республикадағы электронды жүйелердің қалыптасуы бағытында көшбасшы мекеме ретінде танылған, әрі отандық өндіруші ретінде ТОФИ негізінде құрылған бағдарламамен танысып, сала қызметінің мүмкіндіктерін көріп, көрнекілік ақпараттарымен танысты. Архив басшысы бүгінгі күні аталмыш отандық өндіруші мекеменің бағдарламаларын «Электронды архив» қызметіне ішінара енгізіп тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап жатқандығын, соның ішінде архив саласында құжаттардың жіктелуін, оқу залының жұмысын автоматтандыру бойынша жұмыстарымен таныстырып өтті.
Бір күндік бағдарламаны қамтитын іссапар барысы түстен кейін облыстық мемлекеттік архивінде жалғасын тапты. Қонақтар республика бойынша Қазақстан Республикасы Президенті архивінен кейін алғашқылардың бірі болып Қызылорда облысында жүзеге асырылып жатқан «Электронды архив» бағдарламасының жұмысымен танысып, аталмыш тақырыптың алдағы уақыттағы мүмкіндіктерінің жай-жапсарына егжей-тегжейлі тоқталды. Кездесу барысында «Электронды архивке» арналған технологиялық тақырыптар қаралып, талқыланды.
Қызылорда облысында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Президенті архивінің басшысының сапары тұтастай архив ісінің қызметіне соның ішінде «Электронды архив» қызметіне көп септігін тигізеді деген пікір қалыптасты.
Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Республикадағы архив ісі саласындағы жаңашылдықпен танылған, заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған республикадағы үлкен әдістемелік орталық болып табылады.
Соңғы екі жылда облысымыздың архив мекемелері Президент архивімен өзара әріптестік қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастықта жұмыс атқарып келеді.
Бүгінгі күні облыстың архив мекемелері «Электронды архив» бағдарламасы бойынша архив құжаттарының 35 пайызын цифрлық нұсқаға өткізді. «Электрондық архивтің» деректер қорын толықтыру облыстық, қалалық және аудандық архивтер бойынша жүргізіліп келеді.

Қосымша мәліметтер үшін:
Облыстық мәдениет және архивтер
 басқармасының  «Архив ісін
 ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімі
8-724 2-26-39-13

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз