Шиелі ауданында Кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды

56

0

Шиелі ауданында Кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылдыАуылдық елді мекендердегі жобалардың инвестициялық
тартымдылығын арттыру мақсатында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы әр
ауданда инвестициялық форумдар мен жобалар жәрмеңкелерін өткізу жөніндегі
бастама көтерген болатын. Бастама жергілікті атқарушы орган тарапынан қолдауға
ие болды.

 Осы
орайда, облыстық Кәсіпкерлер палатасы Шиелі ауданының әкімдігімен бірге І
«Шиелі» инвестициялық форумын ұйымдастырды.
 Форум
аясында Кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды. Бұл облыс бойынша бесінші
орталық, деп хабарлайды
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
 Шараға
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Галина Баймаханова, облыс әкімінің орынбасары
Ғалым Әміреев, облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов, Өңірлік
кеңес мүшелері, аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев және облыс кәсіпкерлері
қатысты.  
Орталықтың ашылуында облыстық
Кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов: «Өздеріңіз де білесіздер, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы елімізде
кәсіпкерлердің жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін жағдай жасауда. Оның бір айғағы
бүгінгі Шиелі ауданында ашылып отырған Кәсіпкерлікті қолдау орталығы. Ерекше
атап өткен жөн, бұл жерде көрсетілетін қызмет түрлерінің барлығы да ақысыз.
Сондықтан, өз бизнесін ашуға ниетті кез-келген тұрғынның мамандардан кеңес
алуына, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаражат көзін табуына жол ашылып отыр»,
– деді.
Жалпы, Кәсіпкерлерге қолдау
көрсету орталықтарында Палата және басқа қаржылық институттардың
қызметкерлерімен қатар, жергілікті атқарушы органдардың рұқсат құжаттарын
берумен айналысатын бөлімдерінің, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен оның
бөлімдерінің мамандары жұмыс жасағандықтан, бұл орталықтар аса тиімді болып
келеді.  Яғни, кез келген кәсіпкер өз мәселелерін ғимараттан шықпай-ақ
шеше алады.
Орталыққа келген кәсіпкерлер
20-дан астам қызмет түрлерін алады. Сонымен бірге, өз бизнесімен айналысқысы
келетін тұлғаларға «Бизнес-мектеп» қызмет көрсетеді.
 Айта кету керек, жуырда ашылған Арал,
Қазалы, Қармақшы, Сырдария аудандарында ашылған Орталықтарда 339 кәсіпкерге               590 қызмет көрсетілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз