
– Жаңа амбулатория аурушаңдықты дер кезінде анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Мәслен, қазір ауылда аурушаңдық 9,5 пайызға азайып, туу көрсеткіші артты. Енді ауыл тұрғындары ем алу үшін аудан орталығына бармайды. Мұнда күндізгі ем қабылдау бөлімі де бар, – дейді Шиелі ауданының бас дәрігері Қазбек Шәукебаев.
Өткен жылы «Бидайкөл» ауылдық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. 320 көрермен залы бар өнер ордасында түрлі үйірмелер жұмыс жасауда.
Ауданда «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Шиелі кентінің ішкі су құбырлары жаңартылып, су көтерме мұнара орнатылды. Бағдарлама аясында 8 елді мекеннің ауыз су жүйесін жаңғырту жұмыстары қаралған. Бүгінде бес ауылдағы құрылыс жұмыстары аяқталды.
Аймақ басшысы орталық кітапхананың жұмысымен танысты. Кітапхана ескі ғимаратта орналасқан. Оқырмандарға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жаңа ғимаратқа көшіру мәселесі қаралатын болды.
Ауданда өткен жылы атқырылған жұмыстар мен алдағы әлеуметтік-экономикалық даму барысын Шиелі ауданының әкімі Қ.Сәрсенбаев автив отырысында баяндап берді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!