Шиелі ауданының ардагерлері дойбы ойнап жарысты

110

0

Шиелі ауданының ардагерлері дойбы ойнап жарыстыШиелі ауданының қазыналы қарттары көпшілікке саламатты өмір салтын
сақтау үлгісін көрсетіп келеді, деп хабарлайды Шиелі ауданының әкімдігі.
Мәселен жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шараларының бірі дойбы ойыны.
    Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында өткізілген аудандық
біріншілікке зейнет жасындағы жиырма ардагер бақ сынасты. Сайыс нәтижесі
бойынша І орынды Ә.Тәжібаев ауылының ардагері Ахметбек Нұрмаханов, ІІ
орынды Ақмая ауылының ардагері Сейітқасым Дәрібаев, ІІІ орынды Шиелі
кентінің ардагері Болат Күлімбет иеленіп, бағалы сыйлықтармен
марапатталып, дипломдар табысталды. Ойынға қатысушы барлық ардагерлерге
ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз