Шиеліде 150 шаршыметр қалдық жиналды

49

0

Шиеліде 150 шаршыметр қалдық жиналдыШиелі ауданында Көктемнің алғашқы мерекесінің алдында аудан орталығында және барлық ауылдық округтерде арнайы сенбілік ұйымдастырылды.
Жалпы 480 адам мен 6 техника қамтылған сенбілікте «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінен Шиелі кентіне кіре беріс И.Әбдікәрімов көшесі бойынан бастап барлық көшелердегі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, А.Яссауи көшесі бойындағы бордюрлердің айналасын топырақтан аршу, темір қораларды жуу, кенттің орталық көшелері бойындағы қар және жаңбырдың шалшық суларын арнайы техникамен тарту жұмыстары жүргізілді. Одан өзге, кенттің санитарлық тазалығын қамтамасыз ететін «Шиелі-Бәйтерек» ЖШС мекемесі сенбілік барысында жиналған 150 шаршы метр тұрмыстық қатты қалдықтар мен 59 шаршы метр қар және жаңбырдың шалшық суларын «Сасқұм» полигонына тасымалдады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз