Шиеліде 24030 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

60

0

Шиеліде 24030 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілдіБиылғы жылы Шиелі ауданы бойынша 24030 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егілді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Дәлірек айтқанда, 9222 гектар дәнді дақылдардың 153 гектарына күздік бидай, 214 гектарына жаздық бидай, 150 гектарына дән жүгері, 8600 гектарына күріш, 25 гектарына тары, 80 гектарына сыпырғы егілді. Ал 178 гектер жерге майлы дақылдар егілді. Оның ішінде 120 гектары мақсары, 58 гектары күнбағыс. Мал азығының қорын көбейту мақсатында шаруашылықтар 10054 гектар жоңышқа екті. Сонымен қатар, 1430 гектар картоп, 950 гектар көкөніс, 2196 гектар бақша егілді.
Көктемгі дала жұмыстарына шаруашылықтар «Байқоңыр ӘКК ҰҚ» арқылы 190 млн теңге қаражат алды. Аудан бойынша агротехникаға сай 8600 гектар егілген күріштің, 5600 гектар күріші үстеп қоректендірілді, 560 тонна азот тыңайтқышы берілді. Арам шөпке қарсы 33 кг гулливер, 1950 литр солито гербициді жұмсалды, өңделген жер – 2980 гектар. Ауданда 153 гектар күздік, 214 гектар жаздық бидай орылды, орта өнім – 5 цен/га. Барлығы 183,5 тонна өнім жиналды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз