
Аудандық мәслихат хатшысы Ә.Оразбекұлы кент және ауылдық округ әкімдер сайлауы науқанын жан- жақты түсіндіріп өтсе, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов таңдаушыларға сайлаудың ережелері туралы толық ақпарат берді. 5 ауылдық округ әкімдеріне 10 үміткер дауысқа түсіп, аудандық сайлау комиссиясының оң қорытындысымен Қарғалы ауылдық округінің әкімі болып Ғазиз Сейтов, Алмалы ауылдық округіне – Болат Баймағанбетов, Сұлутөбе ауылдық округіне – Кажданбек Маматов, Тартоғай ауылдық округіне Досмат Сүйіндік және Төңкеріс ауылдық округі әкімі болып Мұрат Әшірбеков сайланды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!