Шиеліде 607 түлек ҰБТ тапсырады

52

0

Шиелі. Ауданда ҰБТ мәселесі бойынша мектеп директорларымен өткізілген жиналыс болып өтті.
Онда аудан әкімі Мұрат Ергешбаев «Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын мектеп оқушыларымен жеке-жеке жұмыс жасалуы тиіс. Әсіресе байқау тесттерінде балалардың төмен бал жинап қалған пәндері бойынша білікті мұғалімдердің көмегімен қатемен жұмыс жүргізілуі керек» – деді. Жиын барысында әр мектеп диекторымен ҰБТ дайындық барысы туралы жекелей талқыланып, аудандық білім бөлімі тарапынан межелік баллдар бекітіліп, бақылауға алынды. Ауданымызда ҰБТ-ке қатысуға бүгінгі таңға ұсыныс білдірген 607 оқушының ішінен «Алтын белгіге» – 29, «Үздік аттестатқа» – 17 үміткеріміз ниет білдіруде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз