Шиеліде 690 қаңғыбас иттің көзі жойылды

56

0

Шиеліде 690 қаңғыбас иттің көзі жойылдыТазалық мұқият сақталған жерде аурудың болуы мүмкін емес. Иттердің құтырып, кененің шығатын кезі де осы көктем мезгілі саналады. 
Сондықтан Шиелі ауданында осы мәселелердің алдын алу бағытына қатты көңіл бөлінуде. Осы ретте, адамдар мен малдарға отрақ паразитарлық ауру-эхинококкоз, лейшманиоз, құтыру ауруларының алдын алу мақсатында кент және барлық ауылдық округтердегі елді мекендер бойынша ағымдағы жылы 690 иесіз қаңғыбас ит пен 10 мысықтың көзі жойылды. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін бұл жұмыстарды жүйелі жүргізуге жыл көлеміне 858 мың теңге қаражат бөлінген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз