Шиеліде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізі бойында автостанция салынбақ

61

0

 

Шиеліде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізі бойында автостанция салынбақШиелі ауданында 2016-2017 жылдары «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің бойынан жаңа автостанция құрылысын салу көзделуде, деп хабарлады Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «Сыр бойы» газетінің интернет сайты тілшісіне.
Басқарманың хабарлауынша, Қазақстан Республикасының көлік жүйесін дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, 2016-2017 жылдары Шиелі ауданында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік көлік дәлізі бойынан жаңа автостанция құрылысын салу туралы ұсыныстар жолданды. Сонымен қатар 2015-2017 жылдары Қызылорда қаласында қалааралық автовокзал, 2015-2016 жылдары Қармақшы ауданының Жосалы кентінде сметалық құны шамамен 80,0 млн.тенгені құрайтын автостанса салынбақ.
Сондай-ақ, бағдарлама бойынша 2015-2020 жылдары облыс аумағындағы елді мекендерде 34 аялдама пункттерін салу жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, облыста 1 автовокзал мен 9 автостанса бар, осылар арқылы жолаушыларға жол жүру құжаттары (билеттер) сатылуда.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз