Шиеліде базар бағасы қалпын сақтап тұр

36

0

Шиеліде базар бағасы қалпын сақтап тұрШиелі. Елімізде доллардың теңгеге шаққандағы құны 185-ке көтерілгенімен, Шиелі ауданында азық-түлік бағасы сол күйінде сақталып тұр. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазірде орталық базарда картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат бұрынғысынша 60-80 теңге аралығында сатылуда. Бірінші сортты 50 келілік ұн 2700-2800 теңге көлемінде. Сиыр еті 1100 теңге тұрады. Нанның да бағасы сол күйінде. Жергілікті саудагерлермен жиын өткізіліп, азық-түлік бағасын негізсіз көтермеу мәселесі талқыланған. Аудан басшысы жергілікті базарларды аралап, бағаны бағамдады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз