Шиеліде дария деңгейі бақылауда ұсталады

35

0

Шиеліде дария деңгейі бақылауда ұсталадыШиелі. «Су ресурстары комитетінің мәлімдеуінше 2014 жылғы 23 ақпаннан бастап Шардара су қоймасынан төменгі ағысқа секундына 1050 текше метр көлеміндегі судың жіберілуі жоспарлануда. Осы ретте, аудан бойынша 2013-2014 жылдардың қысқы-көктем мезгілдеріндегі Сырдария өзенімен мол суды қауіпсіз өткізудің дайындық шараларын күнделікті бақылауда ұстауымыз қажет» – деді аудан әкімінің орынбасары Берік Сарменбаев.
Берік Әбдуғаппарұлы бұл мәлімдемені аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысында мәлімдеді. Одан өзге, отырыста кент және ауылдық округ әкімдеріне елді мекендердегі су таратушы каналдарды тазалау, штаб құрып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру, қауіпті учаскелер бойынша қажетті қамыс, қада, қапталған құм және т.б қажетті матералдарды жеткілікті етіп дайындау, күнделікті аралап су деңгейінің мөлшерін қадағалап отыру жүктелді.
Ал, аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі 14 қызмет басшыларына әр қызмет бойынша техника және жұмылдырылатын адам санын дайындыққа келтіру, ағымдағы жылдың 26 ақпаны мен 26 наурыз аралығында бір ай бойы аудандық штабта тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру және күнделікті мәліметті жолдап отыру тапсырылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз