Шиеліде игерілмеген жерлер қайтарылды

48

0

Шиеліде игерілмеген жерлер қайтарылды Шиелі. Өткен жылы ауданда өндірілген 29 млрд. теңге өнімнің небәрі 28 пайызын ғана ауыл шаруашылығы құрылымдары еншілейді. Ал ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу небәрі 6 пайыздан аспайды. Бұл деректер аудан әкімдігінің тұрақты кеңес отырысында айтылды.
  Өндірілген өнімнің үлес салмағында тау-кен өндірісі 72 пайызды құрайды. Осыған орай келешекте жергілікті шаруалар ауыл шаруашылығы өнімін өндіріп қана қоймай, оны өңдеу ісіне мән бергені дұрыс. Сондай-ақ, былтыр ауыл шаруашылығы жерлеріне жүргізілген түгендеу және жерді игере алмауына байланысты біршама алқаптар қайтарылып алынды. Оның жалпы көлемі 6 мың 863 гектарды құрайды. Атап айтқанда, Сұлутөбеде 3 мың 650 гектар игерілмей жатса, Иіркөлде оның аумағы 1 мың 493 гектарға жуықтайды. Сонымен қатар, мұндай жерлер Жуантөбеде 527, Тартоғайда 516, Ақмаяда 219, Ортақшылда 181, Жөлекте 85, Гигантта 80, Телікөлде 50, Төңкерісте 28, Жаңатұрмыста 24 гектарды құрайды. Осы жерлерді тиімді пайдалануға ұсыныс берген азамааттарға жер беру арқылы ауыл шаруашылығын дамыту жолдарын қарастыруға мән берілуі тиіс. Бұл заңдылықтар сақталмаса, оны 2 жылдан кейін қайтарып алуға назар аударылмақ.    
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз