Шиеліде көптеген әлеуметтік нысандар салынады

45

0

Шиеліде көптеген әлеуметтік нысандар салынадыШиелі. Алдағы уақытта көптеген әлеуметтік нысандар құрылысын жүргізу қолға алынбақшы. Бұл жайында аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Ахметәлі Сүйіндік мәлім етті.
 Ауданда білім беру объектілері бойынша №21 бекет елді мекенінен 100 орындық, Майлытоғай елді мекенінен 150 орындық мектеп, Бидайкөл елді мекенінен 90 орындық, Шиелі кентінен 140 орындық балабақша құрылысына, денсаулық сақтау нысандары бойынша Бидайкөл ауылынан селолық дәрігерлік амбулатория құрылысына және мәдениет объектілері бойынша Жансейіт, Қодаманов, Тартоғай, Майлытоғай елді мекендерінен 150 орындық клуб құрылысына жоба-сметалық құжаттама дайындалып мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Бөлім басшысы бұл мәлімдемені БАҚ өкілдерімен өткізілген баспасөз мәслихатында мәлім етті. Үстіміздегі жылы 9 әлеуметтік нысан құрылысы жүргізіліп оның 5-еуі пайдалануға берілетін болса, 1-еуі қайта жаңғыртылып қосымша корпус құрылысы жүргізіледі. Бестам ауылындағы 300 орындық мектеп құрылысы, Шиелі кентінен №47 мектеп құрылысы толықтай аяқталып тамыз айына пайдалануға беріледі. Атап айтсақ:
-Балаби ауылынан 900, Майлытоғай ауылынан 150, №21 бекет елді мекенінен 100 орындық мектеп құрылысы жүргізіледі. Қодаманов ауылынан және Бәйгеқұм ауылынан ауылдық клуб құрылысы қолға алынса, Бидайкөл ауылынан селолық дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізіледі. Ал Бидайкөл ауылынан 90 орындық бала бақша құрылысының құрылысы жоспарлануда. Шиелі кенті «Шұғыла» мөлтек ауданынан 12 бір пәтерлі тұрғын үйлер құрылысы жүргізіледі.«Ақбұлақ» бағдарламасымен 5 ауылға орталықтандырылған ауыз құбырымен су беруге жұмыстар атқарылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз