Шиеліде кәсіпкерлер кеңесі құрылды

37

0

Шиеліде кәсіпкерлер кеңесі құрылдыБүгін кәсіпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы филиалы жанынан кәсіпкерлер кеңесі құрылды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. 
Басқосудың алдында аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы, облыстық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Дінмұхаммед Болатұлы және кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша кеңес төрағасы Мұрат Абдуламитұлы аудандық кәсіпкерлік палатасының жұмысымен танысты. Мұнан соң аудандық кеңес мүшелігіне кәсіпкерлерді ұсыну мақсатында арнайы жиын өткізілді. Отырыста аудандық кәсіпкерлер кеңесі мүшелері ұсынылып, төрағалығына Маханбет Патима Шаймерденқызы тағайындалды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз