Шиеліде кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды

38

0

Шиеліде кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылдыКәсіпкерлер палатасы мен «Даму» Қоры бірлесе отырып аудандардағы кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетпек  Мемлекеттік қолдау шаралары Қызылорда облысының Шиелі ауданының кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындары мен шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне қолжетімді болады. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының базасында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалымен бірлесіп Шиелі ауданында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды.
Осылайша, Кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» Қоры бірлесе отырып аудандардағы кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетпек.  
Орталық, әрбір жергілікті тұрғынға бизнесті ашып жүргізу үшін егжейлі-тегжейлі ақпарат беруге, кәсіпкерлерді қолдаудың мемлекеттік құралдары бойынша консультацияларды алуға мүмкіндік береді. 
Орталықтың негізгі мақсаты ауыл тұрғындарына кәсіп ашуға және оны дамытуға қолайлы жағдай жасау болып табылады. Салалық кеңесшілер мен сарапшылар мемлекеттік бағдарламалар бойынша қолдау, бизнесті ашу мен оны дамыту жайында кеңес бере отырып, бизнес-жоспар жасауға көмек көрсетеді, сондай-ақ «Бизнес-Кеңесші» жобасына тіркеу жүргізіп, несие пайызын субсидиялау мен кепілдік алуға мемлекет тарапынан беретін көмектерге құжат жинауға да жәрдемдесетін болады. 
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының «Даму» қорымен бірігіп бар күш-жігерін бірінші кезекте өңдеу өнеркәсіп саласындағы шағын кәсіпорындарды құру әрі дамытуға, оның ішінде аграрлық өнімдерді қайта өңдеу саласына, ауыл халқы үшін қызметтердің басқа да түрлерін дамытуға аса мән бермек. Нәтижесінде – тұрақты жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілері санының артуы, аудан тұрғындарының іскерлік белсенділігі мен жұмыс бастылығының өсімдері болып табылады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз