Шиеліде мал басы көбейеді

47

0

Шиеліде мал басы көбейедіШиелі. Аудан бойынша 2014 жылғы 1 сәуірге ауылшаруашылығы бөлімінің есебінде ауылдық округтердің мәліметтерін жинақтағанда мал басы өсіп келеді.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның ішінде ірі қара 40 369 басты құрайды, алдағы 3 жылда 6102 басқа өсіп, 46471 басты құрамақ. Ал, уақ мал саны 69300 болса 3 жылдың көлемінде 14964 басқа өсіп 84264 құрайды. Жылқы малы қазірде 8206 бас шамаласа, алдағы 3 жыл көлемінде 1221 басқа ұлғаяып, бардығы 4221 бас болады деп күтіліп отыр. Түйе малы 1059 басты құрап отыр, жоспар бойынша 200 басқа көбейіп, 2016 жылы 1259 бас болмақшы. Одан өзге аудан бойынша әрбір ауылдық округте шебер жоспар мал түрлері бойынша жасалды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз