Шиеліде роботтандырылған дәріхана ашылды

57

0

Шиеліде роботтандырылған дәріхана ашылдыШиелі ауданының орталығында жаңа форматтағы фармамаркет «Мөлдір» дәріханасы ашылды. Мұның басқа дәріханалардан айырмашылығы – роботтандырылған облыстағы алғашқы дәріхана. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл еліміз бойынша Астана мен Өскеменнен кейінгі үшінші жоба. Дәріхана екі қабаттан тұрады. Алғашқы қабатында фармамаркет орналасқан. Мұнда дәрілердің саналуан түрлері бар. Балалар мен ересектерге арналған көптеген дәрілерді табуға болады. Екінші қабаты денсаулық пен сұлулыққа арналған. Мұнда узи, косметолог, педиатр,терапевт, массаж бөлмелері бар. Косметология бойынша дәрігер маман арнайы қытайда оқып білімін жетілдірген, бірнеше жыл Астана қаласындағы медициналық мекемеде жұмыс жасап, тәжірибелі дәрігерлердің санатына қосылған. Енді, міне, сондай білікті маман басқа емес өзіміздің Шиеліде жұмыс жасайтын болады. Жалпы, бұл дәріхана күн сәулесі энергиясымен қамтамасыз етілген. Қондырғы дәрі-дәрмектің шағын қоймасы түрінде жасалған. Бір мыңнан астам дәрі-дәрмектің атауын біледі. Фармацевт компьютерде медициналық препараттың атын терсе болғаны, робот тауарды 5-10 секундт ішінде тапсырманы орындап, тауарды тауып алып дәріхана қызметкеріне жеткізеді. Тұтынушыға қажетті дәрі-дәрмек қондырғының қондырғының ішінде сақтаулы болса, онда оны бірден адамның қолына ұстатады. Осы жерде роботқа 8 мыңнан астам дәрі қорапшасы сиятынынын айта кету керек.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз