
Осы орайда «Шиелі-Бәйтерек» ЖШС-нің директоры Мұхтар Тойымбетов «Аудан орталығын тұрмыстық қоқыс қалдықтарынан тазарту үшін қазірде 120 дана урна, 100 дана қоқыс жәшіктер қажеттігі туындауда» – дейді. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, одан өзге кенттегі көпқабатты үйлердегі бей-берекет орналасқан дүңгіршек, вагондарды ретімен орналастыру керектігі туындап отыр. Себебі, бұл дүңгіршіктер кент тазалығын жүргізетін арнайы техникалардың еркін жүруіне кедергі келтіруде. Бұл мәлімдемелер аудандық тұрақты кеңес мәжілісінде айтылды.