
«Осындай ауданды шырайландыратын, келбетіне көрік қосатын орындар жылдан жылға көбеюде. Биылдың өзінде орталық алаңдағы Мұстафа Шоқай ескерткіші мен субұрқақ жаңаланып, экран орнатылды. Одан өзге, Яссауи көшесінің бойына соңғы үлгідегі түнгі жарықтар мен заманауи аялдамалар қойылды» деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.