ШИЕЛІДЕ ЖАЗБА АҚЫНДАРЫ САЙЫСҚА ТҮСТІ

88

0

ШИЕЛІДЕ ЖАЗБА АҚЫНДАРЫ САЙЫСҚА ТҮСТІМешін жылы табалдырықтан аттағаннан Шиелі ауданында
мәдени шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Соңғы екі айдың жүзінде
еліміздің біртуар азаматтарын ұлықтау мақсатында көптеген жұмыстар
атқарылды. Бүгін ақын Нартай ауылында Мансұр Бекежановтың 140 жылдығына
орай «Жүректегі жауһарлар» атты облыстық жазба ақындар байқауы
өткізілді, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
    Байқауға өңіріміздің барлық аудандарынан 15 жас
ақындар қатысты. Байқау барысында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев
жиылған қауымды ғасырлар бедерінде артына өшпес із қалдырған ақын Мансұр
Бекежановтың 140 жылдығымен құттықтап, байқауға қатысушы жас ақындарға
сәттілік тіледі. Байқау қорытындысы бойынша: ІІІ орын – Ғарифулла
Жолтаев – Шиелі ауданы, Амандық Жаппарбердиев – Арал ауданы, ІІ орын –
Еркебұлан Қайран – Жалағаш ауданы, Ақтолқын Абылаева – Сырдария
аудандарының ақындары еншіледі. І орын Төрехан Сәбет – қызылордалық
ақынға бұйырды. Ал, бас жүлде Шиелілік ақын Бекжан Бекжігітке бұйырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз