Шиеліде жолдар жөнделеді

44

0

Шиеліде жолдар жөнделеді Шиелі. Биыл ауданның Ш.Қодаманов
ауылындағы 1,2 шақырым жол және Ақмая ауылындағы 3 көшеге 4 шақырым жол
жасалып, мәселе шешімін табады. Бұл жайында аудан әкімдігі баспасөз қызметі
хабарлайды.

 Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев есеп
беру жиналысында осындай деректермен жұртшылықты құлағдар етті. Ал, пошта
ғимаратын салу мәселесіне орай, аудандық пошта торабы бастығының орынбасары Зұлпыпхар
Шакиров ғимарат салу үшін облысқа жіберілген тізімінде Ақмая ауылының пошта
ғимараты бар екендігін жеткізді

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз