
Жазғы демалыс кезінде мектептен тыс мекемелерде арнайы «Жаз-2014» атты бағдарлама бойынша 6 үйірме жұмыс жасайды. Оған 700 оқушы қамтылуда.
Сонымен қатар облыс әкімінің қолдауымен Көкшетау қаласындағы «Балдәурен» лагеріне – 16, Алматы қаласындағы «Тау Жаңашар» лагеріне – 74, Шымкент қаласындағы «Таң нұры» лагеріне – 23 бала қамтылса, жергілікті бюджеттен Жаңақорған ауданындағы «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығына» 264 балаға 3 млн 168 мың теңге қаралса, Астана қаласына саяхатқа 46 балаға 1 млн 163 мың теңге қаралды.