Шиелілік боксшылар жетістігі

117

0

Шиелілік боксшылар жетістігіШиелі. Ауданда үстіміздегі жылғы сәуір айының 5-10 аралығында бокстан 1998-1999 жылдарда өмірге келген жасөспірімдер арасында Әбдіманап Шорабаевты еске алуға арналаған республикалық турнир өтті.
 Еліміздегі 12 облыстың қатысуымен ұйымдастырылған республикалық турнирде жарыс қожайындары саналатын ауданымыздың қатысушылары 4 алтын медаль иеленді. Атап айтсақ, 32 келі салмақта Молдақара Жандос, 42 келі салмақта Аханбек Ертуған, 54 келіде Сейткәрім Досбол, 60 келіде Балтабаев Елдос. 5 күн бойына бақ сынасқан додада жеңімпаздар мен жүлдегерлерге және олардың жаттықтырушыларына жарыстың бас демеушісі кәсіпкер Әбдіғани Шорабаев ақшалай және түрлі қомақты сыйлықтар тарту етіп, жарыс қортындыланды.