
Одан өзге, жиында ауданның алғашқы қариы Әбдіқадыр Айдаров Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (С.ғ.с) туылған күні құрметіне мәуліт құтпасын оқып, өнерпаздар діни өлеңдер айтып, пайғамбарымыздың заманынан қойылымдар қойылды. Әсіресе, кішкентай қыздардың Алла елшісі туралы айтқан өлеңдері жамағаттың жадында қалды. Сондай ақ, мерекеге облыстық дін істері басқармасының басшысы Бақытжан Камалов қатысып аудан жұртшылығын мерекемен құттықтады.