Ішкі істер департаменті шығармашыл жастарды марапаттады

60

0

Ішкі істер департаменті шығармашыл жастарды марапаттадыЕсірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және
салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің
кең етек алуын болдырмау мақсатында Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі
бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен «26  маусым – Халықаралық  нашақорлыққа 
қарсы  күрес  күні» аясында есірткіге қарсы фестиваль
ұйымдастыру» тақырыбында  сценарий
әзірлеу облыстық шығармашылық жұмыстар сайысы 
өткізілген болатын.

Сайыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында есірткі заттарының қоғамға әкелетін зияны жайлы
пікірлерін білу, өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру, азаматтық
жауапкершілігін қалыптастыра отырып сценарий арқылы нашақорлық мәселесін
түсіндіру мүмкіндігін айқындау болып табылады.
Сайысқа 53 оқушы, студент қатысып, дәлелді фактілерді қолдана отырып,
белгіленген тақырыпқа қатысты ойларын нақты, дәл және көркем жеткізе білді.
Құрылған комиссияның шешіміне сәйкес, 53 
байқауға қатысушының 19-ның шығармасы ерекше атап өтілді. Ал сайыс
қорытындысы бойынша топтан оза шапқан Қармақшы 
ауданының  Ақжар  ауылы 
№28  орта  мектебінің  
оқушылары Әділбекова Назерке, Камалова Алтынай, №105  орта 
мектебінің  оқушысы Исаева
Ақтолқын, ІІІ Интернационал ауылы №108 орта 
мектебінің оқушысы Меңдібала Аида, Қуандария ауылы №186 орта мектебінің
оқушысы  Ильясов  Ұлан, 
№250  мектеп- лицейінің  оқушысы 
Жалғасбаева Динара, Қызылорда қаласының «Мұрагер» мектебінің  оқушысы 
Серикова  Адина,  №23 
мектеп-лицейінің  оқушысы  Жиынбаева 
Алина, №264 орта мектебінің оқушысы Өмірзақ Зухра  мен 
Өмірзақ  Зарина байқау жүлдегерлері
болып танылды.
Алайда, «жарыс болғаннан кейін жеңімпаздары да болады» демекші, ең үздік
деп танылған сценарий авторы Қармақшы ауданы №111  мектеп оқушысы Сыражов Ермухаммед 1-орынды
иеленсе, екінші және үшінші орындарды  Қармақшы  ауданы 
№107  орта  мектебінің 
оқушысы Серікова Құралай мен Қазалы 
ауданы аграрлы-техникалық колледжінің студенті Иса Айданай теңдей
бөлісті.
Осыған орай, 2015 жылдың  29 сәуірі
күні 11.00-де  Қызылорда облысы ішкі
істер департаментінің кіші мәжіліс залында үздік деп танылған жұмыс авторларын
марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар департамент басшылығы тарапынан
дипломдармен марапатталып,  планшеттер
естелік сыйлық ретінде  ұсынылды.   
  
Қызылорда
ОІІД баспасөз қызметі    

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз