Ішкі істер департаментінде слет өткізіледі

42

0

Ішкі істер департаментінде слет өткізіледіЕртең, 19 сәуір күні Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінде ішкі істер органдарының жас қызметкерлері, олардың тәлімгерлері және ата-аналарына арналған слет өтпек.  Дәстүрлі  түрде өтетін бұл шараның мақсаты – ішкі істер органдарына енді ғана қабылданған жас қызметкерлерін, департаменттің жеке құрамын отансүйгіштікке, патриоттық өнегеге тәрбиелеу болып табылады. 
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, салтанатты шараға ішкі істер органына жақында қабылданған 50 жас қызметкер, олардың тәлімгерлері және жас қызметкерлердің ата-аналары қатысады. Қызылорда ОІІД-мен қатар шараға  облысымыздағы барлық аудандық ішкі істер бөлімдері, Қызылорда ҚІІБ және Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметкерлері де атсалыспақ. Шара кезінде слетке қатысушыларға ОІІД-нің «Арлан» арнайы жасағының арнайы техникалары таныстырылып, оларды қолдану тәсілдері түсіндіріледі. Сонымен қатар Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің ұрыс кезіндегі әдіс-тәсілдері көрсетіліп, шабуыл кезіндегі қызметкерлердің қорғаныс тәсілдері көрсетіледі.
Одан соң жас қызметкерлердің арасында гір тасын (гир) көтеруден және қол күресінен (армреслинг) сайыс өтпек. Сайыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтармен табысталады. Слет одан әрі концертік бағдарламаға ұласып,  бағдарлама барысында қызметінде жетістіктерге қол жеткізіп, ерекше көзге түскен 6 жас қызметкер, олардың ата-аналары мен тәлімгерлері департамент басшылығы атынан марапатталады. Мерекелік шара соңында слетке қатысушыларға департаменттің Жедел жоспарлау орталығының жұмысы таныстырылып, қызмет бабында қаза болған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен іс-шара қорытындыланбақ. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз