ШӨЛМЕКТЕН ҚАЛАНҒАН МОНША

47

0

Қазақта «қолы білген құм үстіне кеме жүргізер» деген даналы сөз бар. Жақсы айтылған, себебі, өмірде темірге тіл, жаңқаға жан бітіріп, барша жұртты тәнті етіп жүрген жандар жетерлік. Бірақ, ұшқыр ой мен кемел қиялды қиыстырып дүние шығаратындар қатары сирек. Сондай жандардың бірі Зәріп Абзалұлы десек болады. Ол Қармақшы ауданына қарасты Тұрмағанбет ауылының тұрғыны. Жуырда ол кісінің шеберлігіне тәнті болдық. Өйткені, бұрын ағаштан түйін түйген ағамыз үйінің жанына босаған бөтелкелерден қалап монша тұрғызған. Қиюы келіскен моншаны көргенде шөлмектен салынған деп ойламайсың. Алыстан қарағанда жалтырап, көздің жауын алады. Шеберден сұрағанымызда бұл моншаға 7 мың шөлмек жұмсалыпты. «Бір ерекшілігі, төбе булануы мүлдем болмайды, жылу да жақсы сақталады. Негізінен ең көп уақыт бөтелке жинауға кетті. Қазір тағы да бос шөлмектерді жинап жатырмын. Алдағы уақытта дүкен салуды көздеп отырмын», – дейді  ұста. 
Бүгінде жарамсыз затты кәдеге жаратушылар аз. Қолынан бал тамған мұндай жандарды көргенде бір жасап қаласың. Себебі, көптің қолынан келсе де, асқан төзімділікті қажет ететін  іспен айналысып, жантақтан ине, жаңқадан түйме жасап жүрген Зәріп Абзалұлының бұл ісі өзгелерге ой салардай. 
М.ОТАРАЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз