ШҚО-ның омарташылары қызылордалықтарға ара шаруашылығын үйретеді

51

0

ШҚО-ның омарташылары қызылордалықтарға ара шаруашылығын үйретеді8-9 сәуірде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы мен БҰҰ даму
бағдарламасының Қызылорда облысындағы өкілдігі бірлесіп аймақта бал
арасы шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар арасында
«Экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында бал ара шаруашылығын дамыту»
тақырыбында семинар өткізеді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер
палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Шараға
Қазақстанның «Бал-Ара» омарташылар қауымдастығының вице-президенті
Ғабит Нұрәділ, Шығыс Қазақстан облысының омарташысы Сағындықов Нұрлан,
облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, тиісті сала мамандары, қаржы
институттары мен өңірдегі омарташылар қатысады деп жоспарлануда.

Шара барысында жаңа технологияларды пайдалана
отырып бал ара шаруашылығын дамыту, омарташылықты бизнеске айналдыру
мәселесі талқыланып, Шығыс Қазақстан облысының бал ара шаруашылығының
жұмыс тәжірибесі таныстырылады.

Осы ретте, бал ара шаруашылығымен айналысуға
қызығушылық танытушы барлық тұрғындарды және кәсіпкерлерді семинарға
қатысуға шақырылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз