Шоқан Уәлиханұлы «Жас қанатқа» қатысады

41

0

Шоқан Уәлиханұлы «Жас қанатқа» қатысадыЖаңақорған. Жаңақорғандық жас талант Шоқан Уәлиханұлы ағымдағы жылдың 11-13 сәуір күндері Астана қаласында өтетін XXIII-республикалық «Жас қанат» байқауында облыс намысын қорғайтын болады. 
Жас өнерпаз бұған дейін біршама жетістіктерге жетті.  2006 жылы Аудандық «Әнші балапан» байқауында бас жүлде алса,  2007 жылы аудандық «Бозторғай» байқауында  бірінші орынға лайықты деп танылды. Сондай-ақ, 2007-2008 жылдары Қызылорда қаласында өткен «Бозторғай» байқауында I-орын, 2008жылы Алматыда өткен республикалық «Бозторғай» байқауында бас жүлде, осы жылы Тараз қаласында өткен «Дельфилік» ойынында қола медальғп қол жеткізді. 2010 жылы Қызылорда қаласында «Астана күні» облыстық байқауында бас жүлде алса, осы жылы Байқоңыр қаласында өткен облыстық байқауда II-орынды иеленді.  2012жылы Ақтөбе қаласында өткен республикалық «Ән қанатында» атты байқауда «Экспресс» тобымен бірге бас жүлдені жеңіп алған. 2012жылы Р.Бағланова атындағы II республикалық әншілер конкурсында жүлделі I орын алды.  Айта кету керек, бүгінгі таңда Шоқан Алматы қаласында Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде білімін жалғастырып жатыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз