
Құрамына сүт пен глюкоза қосылған сүтті шоколадтан бөлек диеталық шоколад түрлері де бар. Олар қара ащы шоколад деп аталады.
Шоколадтың өзінен бұрын иісі адамның жүйке жүйесіне оңтайлы әсер ететіні белгілі. Оның хош иісі зерігу, үрейлену, абыржу, күйзеліс сияқты эмоциялардан арылтады, көңіл-күйді жақсартады.
Құрамындағы кофеин мен теоброминнің есебінен шоколад ағзамыздағы жүйке жүйесі мен қан тамырларының жұмысын реттейді. Егер сіз шоколадтың әсері көбірек болғанын қаласаңыз, құрамындағы кофеин мен теоброминнің (какао өнімі) көп мөлшердегісін таңдаңыз.
Ащы шоколадта какао өнімі, сүтті шоколадқа қарағанда көбірек болады. Соның салдарынан қара шоколад шаршауды тезірек басады. Шоколадтың сапасы мен түріне байланысты онда А және В дәрумендері, кальций, магний, калий, темір мен натрий болады.
Натрий мен калий ағзадағы су балансын тепе-теңдікте сақтап тұрады. Темір қандағы гемоглобиннің түзілуін реттейді. Ал магний болса, жүрек бұлшық еттерінің жұмысын жақсартады. Оған қоса, шоколадта «танин» деген зат бар. Ол ішек жұмысын дұрыстап, ағзадан шлактардың шығуын қамтамасыз етеді.
Ғалымдардың соңғы мәліметтеріне сүйенсек, шоколад ісік жасушаларымен күреседі екен.
http://arular.kz/shokolad-paidaly-azyq/