Өшпес есім

44

0

Өшпес есім

Жақында Қызылорда политехникалық колледжінде әсерлі кеш өтті.  «Әбіш – заманымыздың заңғар жазушысы» тақырыбында өткен шапағатты шараға колледж ұжымы мен студент жастар біртуар таланттың қарындасы Тілектес Кекілбаева мен күйеу баласы Дүйсен Нұрымовты шақырыпты.  
Әбіш Кекілбаевты білмейтін жан жоқ. Қаламгердің шығармаларын әсіре¬се кеңестік заманда дүниеге келген буын басына жастана жатып оқыды. Сон¬дықтан қазақ ой-танымының үлкен асқары тура¬лы көп айтуға болады. Мәселен, был¬тыр қараша айында Сыр елінде Әбіш Кекіл¬баевтың шығармашылығына арналған республикалық ғылыми конференция өтіп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мем-лекеттік университеті мен «Болашақ» университетінде жазушы атындағы дәріс¬хана ашылды. Бұған қоса, жазушының құрметіне орай былтыр kekilbaev.kz атты жаңа сайт жұмысын бастады. Сайттан шығармашылықтың шыңына жеткен жан¬ның мұраларын таба аласыз, бұл жерден жазушы туралы естеліктер мен пайым-пікірлер де топтастырылған. Мұнан бөлек «Әбіш әлемі» журналы да оқырманмен тұрақты түрде жүздесіп тұр. Қаламгердің «Күйші» повесі желісімен түсірілген «Кек» фильмі де көптің бағасын алып үлгерді. 
Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, отандық әдебиет классигін еске алуға арнаған кеш Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған көрмемен танысудан басталды. Мұнан соң облыстық білім басқармасы кәсіптік білім бөлімінің меңгерушісі Бақдәулет Дүрманов кеш қонақтарына заманымыздың заңғар жазушысының шығармашылығын насихаттау, ұлтжанды қайраткердің тәуелсіздік жылдарындағы еңбегін таныстыру осы кештің түпкі мақсаты екендігін жеткізді.
Шарада қазақ тілі мен әдебиеті пә¬ні оқытушысы Әлима Жансерікова «Әбіш әлемі»  тақырыбында баяндама жасаса, колледж оқушысы Ерболат Бек¬назар Ә.Кекілбаевқа арнап шығарған өлеңін, студенттер жазушының әр жылдарда жазылған өлеңдері мен шы¬ғар¬ма¬ла¬рынан үзінді оқыды. Ал ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Дүйсен Нұрымов, зергер суреткердің қарындасы Тілектес Кекілбаева қайраткердің былайғы жұрт білмейтін қырлары мен сырларын айтты, жас таланттарға серпін берген кемел қайраткердің үлгі болар адами қасиеттері туралы тарқатып, өмір жолы кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге болатынын жеткізді.
Кеш соңында жастар меймандарға сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті.
Дәуіржан ЕЛУБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз