Шіркейліде мал шаруашылығы дамытылуда

71

0

Шіркейліде мал шаруашылығы дамытылудаСырдария. Ауданға қарасты Шiркейлi ауылында мемлекеттiк «Сыбаға» бағдарламасынан өз сыбағасын алған «Ысамаддин» шаруа қожалығы бүгінде мал басын көбейтуде. Жалпы шаруа қожалық мүйізді ірі қара мен жылқы төлін өсіруді кәсіпке айналдырған. 
Осыған орай 2012 жылы «Ысамаддин» шаруа қожалығының мал бордақылау және мал сою кешені іске қосылған. Жобаның сметалық құны 20 млн. теңгені құрайды. Оның қуаттылығы ауысымына 2,5-5 тонна етке дейін береді. Кешендегі мұздатқыш сыйымдылығы 5 тоннаны құраса, бордақылау алаңының сыйымдылығы-130 бас. Оның ішінде жылқы төлі-52 бас, ал сиыр малы-68 бас. Бұл орында 10 адам жұмыспен қамтылған. Мал бордақылау және мал сою кешені арнайы талаптарға сай салынған. Бұл кешен халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет), шикізатпен (жүн, тері) және басқа да қажеттіліктермен қамтамасыз етеді. «Шаруа қожалығының төрағасы Жанарбек Нұрымбетов биылғы жылы да «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алмақ ниетте. Ірі қара малын асылдандыру үшін 5 бұқа әкелуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар бордақылайтын 68 сиыр малын 100-ге жеткізуді де жүзеге асырмақ» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз