ШІРКІН, ЖАЗ ҚЫЗЫҒЫ БІТПЕСЕ ЕКЕН ДЕЙМІН…

61

0

ШІРКІН, ЖАЗ  ҚЫЗЫҒЫ БІТПЕСЕ ЕКЕН ДЕЙМІН...Жазғы мектеп каникулдары аяқталуға да жақын, онымен қоса
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» мұнай компаниясының бастамасы бойынша
ұйымдастырылған балалардың «Шаттық керуені» биылғы маусымның қайырымдылық
шарасы да өз мәресіне таяп келеді.

Қайырымдылық
мақсатын алдына міндет етіп қойған «Шаттық керуені» осымен төртінші жыл
қатарынан Қызылорда облысының барлық жазғы демалыс лагерлерін аралауда. Таяуда
ғана «ПҚҚР» АҚ-ның өкілдері Қазалы ауданында қоныс тепкен балаларға арналған
«Шағала» сауықтыру лагерінде жазғы маусымның жабылу салтанатында болған еді.

-Лагерь өткен
ғасырдағы 1957 жылы ашылған,- деп әңгімелейді «Шағала» сауықтыру лагерінің
директоры Берік Әбиев. – Бір тынығу ағымында 145 бала демалады, олар 5 мезгіл
тамақпен қамтамасыз етілген, мұнда әр түрлі бағыттағы 12 үйірме жұмыс істейді.
Біз жоспарлаған барлық мәдени іс-шаралар толық көлемінде орындалды. Жаз маусымы
ішінде бұл жерде 700-ден астам қазалылық бүлдіршін тынығып, денсаулықтарын
шыңдап қайтты.

Демеушілердің
келу қарсаңына орай төрт командаға бөлінген жеткіншектер суда өткізілген 4
түрлі спорт жарыстарына қатысты. Оны ұйымдастырушылар балалардың демалысын
түрлендіріп, олардың өз-өздерін суда еркін ұстауына және қорықпастан бағдар
түзулеріне машықтандыру қажет деп ұйғарған-ды.

Жарыстар
қорытындысы бойынша өткен марапаттау рәсімінде «ПҚҚР» АҚ-ның менеджері Хұсайын
Сәрсембаев балақайларға бағалы жүлделер мен сыйлықтар тапсырды. Жеңімпаздардың
еншісіне – скейтбордтар, ал жүлдегерлерге – МР-3 плейері радиоқабылдағышымен, стол
үстіне қойылатын шырағдандар және сағаттар бұйырды.

-«Шағала» сауықтыру
лагеріндегі демалыс бізге қатты ұнады, – дейді ерекше қуаныш сезімімен
қазалылық мектеп оқушысы Әсел Жақсылықова. – Бұл ұмытылмастай демалыс болды! Мен
жаз қызығы мен каникулдар бітпесе екен деп тілеймін. «ПетроҚазақстанға» жүлделері
үшін рахмет айтып, барлық ұйымдастырушылар мен демеушілерге біздерге осындай
қызықты жаз айын сыйлағандары үшін алғыс білдіреміз!

«ПетроҚазақстан
Құмкөл Ресорсиз» АҚ компаниясының қазіргі
мұнай нарығындағы баға деңгейінің күрт түсіп кетуіне қарамастан қайырымдылық шараларына зор көңіл бөліп отырғандығы
барынша құптарлық нәрсе. Оның
қамқорлық шарапатын тек мүгедек балалар, көп балалы және аз қамтамасыз етілген
отбастарынан шыққан балалар ғана емес, сонымен
қатар облыстың жазғы лагерьлерінде демалып жатқан барлық жеткіншектер де
көруде. Осылайша «Шаттық керуені» шарасының арқасында мыңдаған қызылордалық
оқушылар қуанышты сәттерді бастан кешті.

Мұнайшылардың
сендіруі бойынша балаларға арналған қайырымдылық шарасы келесі жылы да өз
жалғасын таппақшы.

Айдос ӘБСӘТ.

Фото Андрей ТАЙГУНОВТІКІ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз